Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжікстан құрамасымен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы, NEGE.    ФИФА жолдастық матчтар күнтізбесі бойынша Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізетін болды. Қос федерация келіссөздер жүргізіп, екеуара матч ұйымдастыруға ымыраласты. Ойын 16 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчтың басталуы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 19:00-ге белгіленген.

Тәжікстан құрамасы ФИФА рейтингінде 118 орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, осы ойынға дейін ұлттық құрамамыз 13 қараша күні Әлем чемпионатының іріктеу сыны аясында Франция командасына қарсы ресми матч ойнайды.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды