Қазақстан құрамасы Тәжікстанды жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізді.

Алматы, NEGE. Кездесуде құрамалар ойын басынан бір-бірінің осал тұбын табуға тырысты. Алғашқы минуттарда қонақтар шабуылға көбірек шықты. Десе де уақыт өте келе қазақстандық футболшылар тізгінді қолға алуға күш салды. Нәтижесінде 12-минутта Бактиер Зайнутдинов тәжікстандық қақпашының қателігін тиімді пайдаланып кетті. Екінші кезеңде құрамалар таблодағы есепті өзгертуге тырысты.

Қос құрама ойыншылары өз мүмкіндіктерін пайдалана алған жоқ. Кездесуде Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Олардың барлығы жолдастық кездесу болып табылады. Төрт кездесуде қазақстандық футболшылар басымдық танытса, бір ойында тең нәтиже тіркелді. Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысында қазақстандық құрама D тобында сынға түсті. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия. Ұлттық құрама небәрі үш ұпай жинап, өз тобында соңғы орынды місе тұтты.  

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр