Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем чемпионатына қатысады

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатына қатысады. Olympic.kz аталған дүниежүзілік біріншілікте ел намысын қорғайтын қазақстандық балуандар тізімін ұсынады.

Алматы, NEGE.  Әлем чемпионаты 1-4 қараша күндері Сербияның Белград қаласында өтеді. Белград бозкілеміне он қазақстандық балуан ел намысын қорғауға шығады. Олар:

55 келі: Арслан Абдурахманов

60 келі: Ғалым Қабдунасаров 

63 келі: Асаухат Мухамадиев 

67 келі: Сұлтан Әсетұлы

72 келі: Азат Садықов

77 келі: Дәулет Жалғасов 

82 келі: Диас Қален

87 келі:Сайлау Мақсат 

97 келі: Дәулет Досыбаев 

130 келі: Антон Савенко