Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатынан шығып қалды

Футзалдан Еуропа чемпионатының ширек финалдық матчында Қазақстан құрамасы Украина құрамасымен ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Кака келесі құрамды ойынға қосты: Игита, Кнауб, Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Оразов - Атантаев, Қарағұлов, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Тоқаев, Сағындықов. Өкіншке қарай, Қазақстан матч алдында фаворит саналғанымен, 3:5 есебімен ұтылып қалды. Осылайша Қазақстан құрамасы турнирден шығып қалды. Украина жартылай финалда Ресей-Грузия жұбының жеңімпазымен ойнайды. Қазақстан - Украина 3:5 (0:1) Гол соққандар: Шотурма пенальти 14 (0:1), Корсун 25 (0:2), Зварич 30 (0:3), Дуглас 34 (1:3), Оразов 38 (2:3), Разуванов 39 (2:4) ), Лебед 39 (2:5), Оразов 40 (3:5). 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр