Қазақстан кубогы: «Атырау» ширек финалға шықты

«Атырау» футболдан Қазақстан кубогы ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Аталған турнирдің тағы бір кездесуінде «Атырау» мен «Ақтөбе» шеберлік байқасты. Екі команда арасындағы алғашқы ойында 2:2 есебі тіркелген еді.

Бұл ойында ойынның негізгі кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталмады. Ал пенальти сериясында 9:8 есебімен «Атырау» жеңіске жетіп, ширек финалға үшінші жолдамаға қол жеткізді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Шахтер» мен «Қызылжар» ширек финалға жолдама алды.

Дәл қазір «Ордабасы» мен «Мақтарал» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге 1:0 есебімен Түркістан облысының командасы алда келеді.

Ал 30 сәуірде «Ақсу» мен «Тобыл», «Тұран» мен «Каспий», «Ақжайық» пен «Қайрат», «Қайсар» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр