Қазақстан қоржынына Универсиаданың екінші «алтыны» түсті

Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен секіру спортынан АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  Sports.kz.

Алматы, NEGE. Васильев қалыпты шаңғымен секіру жарысында жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда екінші (130,1) болып мәреге жетті.

Екі кезеңнің қосындысында қазақстандық австриялық Максимиллиан Линхерді (251,4) және Тимон Паскаль Кахоферді (248,8) басып озып, 257,3 үздік нәтиже көрсетті.

Басқа қазақстандық спортшылардың нәтижесі мынадай: Сергей Ткаченко – жетінші (220,9), Никита Девяткин – тоғызыншы (216,2), Святослав Назаренко – 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы – 21 (144,5). Васильевтің медалі Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль болды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды