Қазақстан қоржынына екінші «алтын» түсті: Зухра Ирназарова нысана көздеуден чемпион атанды

10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухара Ирназарова чемпион атанды.

Алматы, NEGE. Зухра Ирназарова 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озып кетті. Бұл Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған стенд атудан Қазақстанның әйелдер командасы "скит" жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын 350 баллға жеткізді.

"Керемет нәтиже! Зухраны кез-келген спортшы үшін маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл ол үшін соңғы жетістік емес екеніне сенімдімін", - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр