Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Министрдің дерегінше, әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан коронавируспен ауыру көрсеткіші бойынша 221 елінің ішінде 105-орында, ал өлім-жітім бойынша 106-орында тұр. «18 мамырдағы деректерге сәйкес Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтиижесімен 362 030, теріс нәтижесімен 54 153 науқас тіркелген. Қазақстан «сары» аймақта тұр.

«Қызыл» аймақта алты өңір, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары кіреді. «Сары» аймақта мына 5 өңір тұр: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы. Ал қалған 6 өңір «жасыл» аймақта», - деді Алексей Цой.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті