Қазақстан коронавирустан қорғануға қанша қаржы бөлді?

Қазақстан мемлекеті коронавирусқа қарсы күреске 9,2 млн АҚШ долларын бөлді. Бұл теңгеге шаққанда 3,5 млрд теңге. Бұл туралы Қаржы министрі Әлихан Смаилов айтты.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақстан үкіметі қордан бөлінген 1,5 млрд теңгеге (3,9 млн доллар) коронавирус инфекциясынан қорғайтын құралдар сатып алынады деген еді.  

 «Шамамен 3,5 млрд теңге бөлінді. Қытайдан азаматтарымызды әкелдік, дәрі-дәрммек, тепловизор және басқа да құрал-жабдықтарды сатып аламыз», –  деді Әлихан Смаилов.

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды