Қазақстан: коронавирус жұқтырған 13 адам тіркелді

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық министрлігі.

Алматы, NEGE. Министрлік Қазақстандағы коронавирусқа қатысты эпидемиялогиялық жағдай жөнінде 17 наурызда сағат 09:00-дағы жағдай бойынша мәлімет таратты. Ведомствоның хабарлауынша, Алматы қаласында корнавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 3 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күнде елде коронавирус жұқтырудың 13 жағдайы расталды, олардың 11-і Алматы қаласында, 2-еуі-Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

 Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, 1986 жылғы әйел адам 15 наурызда Ыстанбұл қаласынан Алматыға ұшып келген. Сондай-ақ, Қазақстанда Төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуына тыйым салынды. 

Қазір оқып жатыр

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді

Шілдеден бастап Қазақстанда несие алу қиындай түседі

Жүк көліктерін заңсыз тіркеген: Алматыда «ЦОН» қызметкерлері сотталды