Қазақстан қызылша ауруын жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікке енді

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) қызылшаның жаһандық эпидеті туралы деректерді ұсынды. Нәтижесінде Қазақстан ауру жұқтырғандар саны бойынша көшбасшы елдердің қатарында тұр.

Алматы, NEGE. Мәліметтер көрсеткендей, Йеменде қызылшаның 23 мыңнан астам жағдайы тіркелген, Үндістанда – 15 мыңға жуық, ал Қазақстанда – бұл көрсеткіш 12 985 жеткен. Одан кейін тізімде Эфиопия 11 мыңнан астам жағдаймен, Пәкістан 8 мыңнан астам, Конго Демократиялық Республикасы – 6 мыңға жуық және Ресей – 4305 тұр.

CDC бұл деректерді қараша айының басында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан алған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді