Қазақстан «қызыл аймаққа» кірді
Ведомство аралық комиссияның хабарлауынша, коронавирустың таралуы бойынша Қазақстан «қызыл аймаққа» кірді.
Нұр-Сұлтан, NEGE. «Қызыл аймақта» әлі де Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Батыс Қазақстан облыстары тұр.⠀
«Сары аймақта» – Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары.
«Жасыл аймақта» – қалған барлық өңір.
29 наурызда жарияланған эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Қазақстан «сары» мен «қызыл» аймақтардың шекарасында тұрған еді.
Сондай-ақ өткен тәулікте ел бойынша 1445 адамнан колронавирус анықталды.