Қазақстан қыздары Оңтүстік Кореядан жеңілді

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE Кездесу барысында құрамалар тартысты ойын өткізді. Алғашқы екі кезеңде олар бір-бірден шайба соқты. Алдымен корейлік хоккейші Су Чжин Хан 4-минутта есеп ашса, оған қазақстандық Лариса Свиридова 9-минутта бір шайбамен жауап қайырды.

Ойынның 57-минутында Хи Вон Ким жеңіс шайбасын соғып кетті.

Осылайша, қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Айта кетсек, Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында 17-23 сәуір аралығында бірінші дивизионның В тобында ойындар өтті.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Ұлыбританияға 0:1, Словенияға 1:2, Италияға 0:3, Польшаға 2:3 есебімен есе жіберді.

Топтық кезеңде 14 ұпай жинап, бірінші орын алған Оңтүстік Корея жоғары дивизионға жолдама алды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр