Қазақстан Қырғызстанға қанша қарыз?

Қазақстан 21 қыркүйекте бұған дейін Қырғызстаннан алған электр қуатын қайтара бастады.

Алматы, NEGE. Қырғызстан Ұлттық қуат холдингінің хабарлауынша, биыл маусым және тамыз айлары аралығында Қырғызстан Қазақстанға 300 млн кВт/с электр қуатын берген. Қазақстан оны Қырғызстанға қайтарады. Электр қуатын алмасу туралы келісімді көрші елдер 23 маусымда қабылдады.

Бұның алдында қырғыз холдингінің басшысы Айтмамат Назаров Қырғызстан қыста Қазақстаннан 500 млн кВт/с электр қуатын алуы мүмкін екенін мәлімдеген. Өйткені биыл Қырғызстандағы өзендерге су аз.

Болжам бойынша, 2020 жылдың қазанында Токтогул су қоймасында шамамен 14,9 млрд текшеметр су болады. Бұған дейінгі жылдары мұнда 17-19 млрд текшеметр су жиналатын. Қырғыз үкіметі биыл су аз болатынын жыл басында ескерткен.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды