Қазақстан карантин талаптарын күшейтуі мүмкін

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлағанын ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына "қызыл" аймақтағы өңірлерде ұжымдарды бөлуге және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған қосымша алдын алу шаралары қабылданады», – деп мәлімдеді ведомство басшысы Үкімет отырысында.