Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай?

7 наурызда Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы,  NEGE.  Синоптиктердің болжауынша бүгін қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.