«Қазақстан инжиниринг» басшысы ауысты

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы болып Әділбек Сәрсембаев тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы болып Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы тағайындалды. Бұған дейін аталмыш қызметтегі Қуаныш Бішімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған», - деп хабарлады дүйсенбіде «Қазақстан инжиниринг» АҚ.
Әділбек Сәрсембаев 2010-2014 жылдары «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары, 2015 жылдан бастап – «Астана қ. табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы» болған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2016 жылдан бастап Нұр-Сұлтандағы «Алматы» ауданының әкімі болған.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды