Қазақстан боксшысы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) Германияның Гамбург қаласында өткен бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізді.

Алматы, NEGE. Sports.kz мәліметінше, жеңіліп көрмеген аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий WBA International чемпионы белбеуін қорғау үшін «танк» деген лақап аты бар америкалық Джоуи Давейкомен (21-8-4, 12 КО) жұдырықтасты.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек 12 раундқа созылуы тиіс болатын. Алайда, америкалық соңына дейін шыдай алмады. Қазақстандық екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіби мансаб жолында 16-шы рет жеңіске жетті және екінші деңгейлі WBA атағын сәтті қорғап қалды. Ал Джоуи Давейко кәсіби рингте осымен 9-шы рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді