Қазақстан Бейжің Олимпиадасында медаль алмады

Қазақстан Қытайда өткен Қысқы Олимпиадада медаль жеңе алмады.

Алматы, NEGE. 19 ақпанда ұлттық құрамада соңғы болып Надежда Морозов өнер көрсетті. Алайда спортшы мәреге 14-ші болып келді. Надежда Морозованың күейуі Дмитрий де Олимпиадада медальсыз қалды. Ол 19-шы болып мәре сызығын аттап, финалға өтпеді. 

Шаңғы марафонында Евгений Величко 43-ші болып мәреге келді. Ауа райы қолайсыз болғандықтан шаңғы марафонының арақашықтығы 30 шақырымға дейін қысқарған. 

Шорт-трекшілер ғана топ-6 құрамына ене алды. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахмет, Ольга Тихонова мен Яна Хан эстафетада 5-орынды иеленді. Ал 500 метрге жүгіруде Абзал Әжіғалиев 4-орын иеленген. Бұл құрамадағы үздік нәтижесі болып отыр. 

Осылайша Әжіғалиев 40 000 доллар, ал өзге шорт-трекшілер 10 000 доллардан алады. Олимпиаданың жабылу салтанаты ертең өтеді.

Қысқы Олимпиадада Норвегия үздік нәтиже көрсетті. Норвегиялық спортшылар 15 алтын, 8 күміс, 12 қола медаль иеленген. Екінші орынға Германия, үшінші орынға АҚШ орналасты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды