Қазақстан балуандарының Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Ертең, 1 тамыз күні Олимпиада ойындарында күрес түрлерінен бәсекелер басталады. Жарыстың алғашқы күнінде Токио бозкілеміне грек-рим мен әйелдер күресінің шеберлері шығады, деп хабарлайды Olympic.kz

Алматы,  NEGE. Алғашқы жарыс күні 60 келіде ел сапынан Мейрамбек Айнағұлов (грек-рим күресі) пен 76 келіде Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі) күреседі.

Мейрамбек Айнағұлов пен Эльмира Сыздықованың алғашқы белдесуi Қырғызстан балуандарына қарсы өтеді. Мейрамбек тәжірибелі Жоламан Шаршенбековпен кездессе, Эльмира Айперi Медетқызымен кiм мықтыны анықтайды.

Жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:00-де басталады. 

Қазір оқып жатыр

«Әкеміз қашан келеді?»: Отадан кейін көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді

Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін қайтыс болды