Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай экспорттауды жоспарламайды - министр

Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай экспорттауды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Аcтана, NEGE. "Мұндай мәселелер бүгінде ұлттық компаниялар деңгейінде техникалық тұрғыда талқыланып жатқан шығар. Бірақ та, бұл қыркүйек айында мұнай жөнелту туралы келісімге қол қою деген сөз емес. 1,5 млн тонна біздің экспорттық бағытымыздың мәселесін шеше алады деп есептеудің өзі күлкілі", - деді ведомство басшысы. 

Министр бүгінде саладағы басты міндет Каспий құбыры консорциумының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету екендігін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты