Израильде Қазақстан азаматының жоғалып кеткені рас па? – Сыртқы істер министрлігі жауап берді
Қазақстан азаматының жоғалғаны туралы деректер желіде жаппай тарай бастаған.
Алматы, NEGE. "Бұл шындыққа жанаспайды, Израиль билігі кестеде жіберілген қателік үшін кешірім сұрады", – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Израиль қарулы күштерінің баспасөз қызметі ХАМАС басып кірген соң көз жұмған, жоғалған немесе қолға түскен шетелдік азаматтардың тізімін жариялаған. Олардың арасында еліміздің бір азаматы көрсетілген.