Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Леон қаласында (Мексика) өтіп жатқан ауыр атлетикадан ұлдар мен қыздар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Жарыстың бірінші күні Қазақстанға медальді 40 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Александра Беленко әперді. Ол жұлқа көтеруде 125 келі және серпе көтеруде 70 келі көтеріп, қола жүлдегер атанды. Үндістандық Аканша Вявхаре 127 келі (59 68) көтеріп, күміс жүлдегер атанса, колумбиялық ауыр атлет Лорен Эстрада Велес 128 келі (55 73) нәтижемен алтын медальға қол жеткізді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды