Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік жіберді

Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік көмегін жіберді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Алматы, NEGE. «Қазақстан көршілес елдерге гуманитарлық көмек көрсетеді. Жақында Үкіметтің Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету туралы қаулысы шықты. Ауғанстанға азық-түлік көмегі жіберілді. Жалпы әр мемлекет өз мүмкіндігінше, медициналық құралдар мен азық-түлік сынды көмек беріп жатыр», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқаш Нұр-Сұлтан әуежайында. Еске сала кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанға «Qatar Airways» әуе компаниясының арнайы рейсімен 9 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанға БАӘ, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Ресей және Түркиядан гуманитарлық көмек келді.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды