Қазақстан Ауғанстан үкіметімен байланыс орнатуға дайын
Қазақстан Ауғанстан үкіметімен сауда және гуманитарлық салаларда байланыс орнатуға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Өйткені бұл бағытта екі ел арасында тығыз қарым-қатынас бар. Ал халықаралық қоғамдастық Ауғанстаннан іргесін аулақ салмай, аталған елге көмек беруі қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
Президент елімізге ресми сапармен келген Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдап, бірқатар өзекті мәселе төңірегінде пікір алмасты.