Қазақстан: 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды

Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды.

Алматы, NEGE. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім еткендей, авиациялық әкімшілік 2020 жылы ұшу және әуе қауіпсіздігі саласында келесі іс-шараларды атқарды:

- 65 инспекциялық тексеріс;

- 9 әуе компаниясын сертификаттау;

- аэронавигация саласында 17 аудит;

- 31 әуе айлақты сертификаттау;

- әуе айлақтарына 19 инспекциялық тексеріс.

«Тексеру нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтамаған 8 әуе компанияның, соның ішінде «Бек Эйр» компаниясының қызметі тоқтатылды», – деді министрліктен.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды