Қазақстан 50 мигрантты Тәжікстанға депортациялайды

Қазақ-өзбек шекарасынан өте алмай тұрған 50-ден астам тәжік мигрантын Қазақстан билігі Тәжікстанға депортациялайды.

Алматы, NEGE. Қазақстанның оңтүстігіндегі «Жібек Жолы» шекара бекетінде Тәжікстанның 178 азаматы елге қайта алмай тұр. Олар Қазақстан аумағынан үш күн ішінде кетуі керек болған. Осындай сот шешімі 2-3 маусымда шыққан. Мигранттар сот шешімі орындалмаған жағдайда сотталуы мүмкін екенін айтты.

Тәжікстанның Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, шекара бекетіндегілердің ешқайсы елшіліктен көмек сұрамаған. Тәжік елшілігінің мәліметінше, Қазақстан билігі пандемия кезінде бірде-бір тәжік азаматын ұстамады. «Ол азаматтар қазақ-өзбек шекарасы ашылғанша Қазақстан аумағында қала алады» деп хабарлады тәжік елшілігі. Тәжікстан билігі маусым айының басында қазақ-өзбек шекарасынан өте алмаған 237 азаматты елге жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді