24 сентября 2022 г. 9:49

Қазақстан 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді

Фото:

Қазақстан 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Әлем чемпионатын өткізуге Қазақстаннан бөлек Германия мен Норвегия өтінім берген. Федерация таратқан хабарламаға қарағанда, Қазақстан өтінімде әлем чемпионатын өткіз үшін Астана қаласындағы 11 400 орындық «Барыс Астана» және Алматы қаласындағы 12 500 орындық «Алматы Арена» нысандарын көрсеткен.

Еске салсақ, жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифті қабылдап, онда Қазақстанда 2027 жылы хоккейден әлем чемпионаты өтуі мүмкін екені айтылған болатын.

Бүгінде спорттың осы түрімен 14 мың аса адам шұғылданады.

Тегтер: