Қазақстан 2025 жылы +997 телефон кодына көшеді
Қазақстан 2025 жылдан бастап жаңа +997 телефон кодына көшеді, деп хабарлады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникациялар комитеті.
Алматы, NEGE. Еліміз жаңа кодқа 2025 жылдың қаңтарынан бастап ауысады. Комитет өкілдері 997 телефон кодын енгізу туралы жоспар әзірленіп, бекітіліп қойғанын жеткізді.
Қазақстан жаңа кодты өткен жылы резервке алып қойған. Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарына сәйкес, қолданыстағы кодты жаңа 997 кодымен бірге екі жыл бойы қатар пайдалануға болады. Ал халықаралық интернет-платформаларды жаңа телефон кодтарына көшіру жұмыстары қосымша иелерімен бірге пысықталуда.