Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы турнирде алғашқы медалін жеңіп алды. Оның авторы - Ясмина Тоқсанбаева.

Спортшы 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола жүлдені иеленді. Тоқсанбаева бұл қашықтықты 01:32:22 уақытта жүріп өтті.

Бірінші орынды қытайлық Инь Хан жеңіп алды - 01:30:44. Одан кейін мәре сызығын тағы бір Қытай спортшысы Ма Ли кесті - 01:32:08.

Ерлер арасындағы осы бағдарламада Георгий Шейко сегізінші орынға табан тіреді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды