Қазақстан жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Кувейт қаласында семсерлесуден жасөспірімдер және кадеттер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасы командалық сайыста үш медальға қол жеткізді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан ерлер құрамасы саблямен семсерлесуден күміс жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама атынан Нұрмұхаммед Жайлыбай, Қайназар Нұрқатұлы, Сұлтан Станбек және Сұлтан Асылбеков өнер көрсетті.

Ал Қазақстан әйелдер құрамасы рапирамен семсерлесуден қола жүлдені еншіледі. Ел намысын София Актаева, Алина Искандерова, Полина Долгополова және Алена Гноева қорғады.

Сондай-ақ тағы бір қола медальді қазақстандық шпагашылар иеленді. Георгий Тинников, Богдан Лукин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов жеңіс тұғырынан көрінді.

Қазір оқып жатыр

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты