Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алғашқы алтын медалін жеңіп алды

Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Сали Сабиров

Алматы, NEGE. Отандастарымыз жекелей уақытқа жарыс форматындағы командалық эстафетада (аралас құрам) үздік нәтиже көрсетті.

Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан уақыт бойынша үшінші орында келе жатқан еді. Алайда соңғы кезеңде спортшыларымыз қарқын қосып, мәреге бірінші болып жетті.

Ұлттық құрама сапында Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерік, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова, Анель Ташбай өнер көрсетті.

Иран құрамасы күміс алса, ал Тайбэй құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұл - Қазақстан құрамасының осы Азиададағы алғашқы алтыны.

Қазір оқып жатыр

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты