Қазақстан заңын бұзған АҚШ азаматы елден шығарылды

Сот шешімімен азаматша Қазақстаннан шығарылып, елге бес жылға кіруге тыйым салынды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Polisia.kz медиа-порталында жарияланған мәліметке сәйкес, жыл басынан бері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3022 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот шешімімен олардың 977-сі елден шығарылған.

Сонымен қатар қос азаматтығы бар 375 адам анықталып, тиісті шаралар қабылданған.

Мәселен, Алматы әуежайында Қазақстанның азаматтық туралы заңнамасын бұзған 32 жастағы АҚШ азаматшасы анықталды.

Ол шетел азаматтығын алғанын хабарламағаны үшін жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Егеуқұйрық уы анықталды делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды