Қазақстан волейболдан жастар арасындағы Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Цзянмэньде (Қытай) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында плей-офф кезеңіне жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Шешуші ойын алдында біздің құрама B тобында бесінші орында тұрған еді. Ал 1/8 финалға тек үздік төрт команда шығады.

Сол себепті Қазақстан құрамасына Оңтүстік Корея командасын жеңу қажет болды.

Кездесу 3:1 есебімен біздің волейболшылардың пайдасына аяқталды. Осылайша қазақстандықтар әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?