Қазақстан Үздік елдер рейтінгінде 87 елдің арасында 84-орында тұр

US News зерттеуі бойынша, 2023 жылғы үздік елдер рейтингінде Қазақстан 87 елдің арасында 84-ші орынды иеленді. 

finprom.kz

Алматы, NEGE. Былтыр еліміз 85 орын ішінде 82-ші орында болған еді. Рейтингті зерттеген сарапшылар елдердегі туризм (Қазақстанда әлемде 86-шы орын), мәдени ықпал (85-ші орын), кәсіпкерлік (80-ші орын), мұра (83-ші орын), бизнеске ашықтық (80-ші орын), өмір сұру сапасы (81-ші орын) және басқа критерийлер бойынша бағалады.

Тізімде көш бастап тұрған елдердің қатарында Швейцария, Канада және Швеция бар. Соңғы орынды Иран иеленді. Рейтингке қатысатын ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Беларусьті ғана басып озды.

Рейтингте Ресей (37-ші), Украина (68-ші), Әзербайжан (77-ші) және Өзбекстан (83-ші) елдері бар. Украинаның бірқатар даулы мәселесі болғандықтан, төменгі орынға түскен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді