Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы көз жұмды

Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды.Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясы растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Клубтық мансабыАндрей Морев қазақстандық футболда өзіндік із қалдырған ойыншылардың бірі болды. Ол «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» клубтарының намысын қорғаған.«Ақтөбеде» ойнаған жылдары екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алды. 2005 жылы Қазақстандағы үздік қақпашы деп танылған.Ұлттық құрамдағы ойындарыМорев Қазақстан құрамасы сапында екі матчқа қатысқан. Оның дебюттік кездесуінде қарсылас Түркия құрамасының пенальтиін қайтарып, жанкүйерлер қошеметіне бөленген еді.Көңіл айтуҚазақстан футбол федерациясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.«Андрей Моревтің есімі отандық футбол тарихында қалатыны сөзсіз. Ол командаластары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады», — деп жазды ұйымның ресми парақшасы.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясы растады.

Андрей Морев қазақстандық футболда өзіндік із қалдырған ойыншылардың бірі болды. Ол «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» клубтарының намысын қорғаған.

«Ақтөбеде» ойнаған жылдары екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алды. 2005 жылы Қазақстандағы үздік қақпашы деп танылған.

Морев Қазақстан құрамасы сапында екі матчқа қатысқан. Оның дебюттік кездесуінде қарсылас Түркия құрамасының пенальтиін қайтарып, жанкүйерлер қошеметіне бөленген еді.

Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

«Андрей Моревтің есімі отандық футбол тарихында қалатыны сөзсіз. Ол командаластары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады», — деп жазды ұйымның ресми парақшасы.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады