Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларынан басым түсті

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларын 16:0 есебімен жеңді.

gov.kz

Астана, NEGE. Көкпар ойындарының алғашқы жұбы болып алаңға Қазақстан мен Өзбекстан шықты. Жарыс Қазанат ипподромында өтті. 

Бірінші таймда қазақстандық көкпаршылар 8:0 есебімен алда келе жатты. Екінші таймда есепті 16:0-ге жеткізді. Осылайша Қазақстан құрамасы А тобындағы көкпардың бірінші іріктеу кезеңінде жеңіске жетті.

Көшпенділер ойындарында көкпарға 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді. 

Сонымен қатар, бүгінгі жарыста аударыспақтан Ұлттық құраманың барлық спортшысы финалға өтті.

 

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр