«Қазақстан Украинаның тағдырын қайталауы мүмкін» деген ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян өмірден өтті

Ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян өмірден өтті. Бұл туралы оның жары Маргарита Симоньян хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Бүгін Тигран Жаратушының қасына аттанды», – деп жазды Симоньян.

Естеріңізге сала кетейік, 59 жастағы Кеосаян биыл қаңтар айынан бері клиникалық өлімнен кейін комада болып, есін жимаған еді.

Ол 2022 жылы атышулы мәлімдеме жасады. Өзінің YouTube-шоуында Жеңіс парадын өткізуден бас тартуды қатты сынап, тіпті Қазақстан «Украинаның тағдырын қайталауы мүмкін» деп ишара жасаған. Осыдан кейін оған Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді