Үкімет коммуналдық тарифтердің көтерілуінен бас тартпайды

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі тоқтамайтынын мәлімдеді.

gov.kz

Астана, NEGE. «Бұл – ауыр мәселе. Бірақ үкімет бұл туралы ашық айтып отыр және тарифтерді нарықтық деңгейге жеткізу саясатын жүргізіп келеді. Тарифтер ұзақ уақыт бойы реттеліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына (ТКШ) инвестиция салуға мүлде мүмкіндік бермеген жағдай 2022 және 2023 жылдары Екібастұз бен Риддерде болған апаттарға алып келді», – деп еске салды Премьер-министр.

«Қыста үйімізде жылу, электр, су және басқа да инженерлік желілер жақсы жұмыс істеуі тарифтерді көтеру жолымен жүру керек», – деді Бектенов. 

Сонымен қатар ол Үкімет тарифтердің өсу қадамын инфляцияға қысымды азайту үшін қайта қарағанын атап өтті. Дегенмен, тарифтік саясатты өзгерту бағыты сол күйінде қала бермек.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?