Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Әлемдегі ең ірі медиаплатформа – Reddit-те ең үздік туды анықтаған Flags of the World онлайн-турнирі өз мәресіне жетті.

qazaquni.kz

Астана, NEGE. Желі қолданушыларының дауыс беруі нәтижесінде Қазақстан туы бірінші орынға ие болды.

Reddit-тегі r/flags қауымдастығы ресми түрде мойындалған барлық елдің туы арасынан ең үздігін таңдады.

Бастапқыда елдер географиялық орналасуына байланысты топтастырылып, соның ішінде көп дауыс жинағандары келесі кезеңге өткізіліп отырған. Турнир қорытындысы бойынша көк байрағымыз алдыңғы орыннан көрінді.

«Қазақстан – біздің чемпион! Барлығыңыз дауыс беріп, оны әлемдегі ең үздік ту деп таныдыңыздар. Қатысқандардың барлығына рахмет! Бұл ауқымды әрі қызық жұмыс болды», – делінген жазбада.

reddit.com

Айта кетейік, бұған дейін халықаралық Vogue басылымының редакторлары Қазақстанды саяхаттауға лайық үздік 14 елдің қатарына қосқанын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды