Қазақстан ТМД мәдени ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты

Санкт-Петербургте ТМД-ға мүше мемлекеттердің мәдени ынтымақтастық кеңесінің XXXIX отырысы өтті. Оған ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов қатысты.

gov.kz

Алматы, NEGE. Кеңес отырысы барысында екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығын мерекелеуге дайындық, «Достастықтың мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ кинематография саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары және басқа да мәселелер талқыланды.

«Мәдениет – біздің халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттыруға және дамытуға көмектесетін алтын көпір. Бүгінгі кездесу байланыстарды нығайтып, бірлесе жұмыс істеу үшін жаңа көкжиек ашу арқылы жан-жақты ынтымақтастықты арттыруға ықпал ететініне сенімдімін»,– деді вице-министр.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ететін ортақ мәдени бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Іс-шара соңында ТМД-ға мүше мемлекеттердің мәдениет және өнер фестивалі өтті, онда елдердің шығармашылық ұжымдары мен орындаушылары өнер көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді