Қазақстан тәулігіне рекордтық 1,5 млн баррель мұнай өндіруі мүмкін

ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін арттыру туралы келісімге келді.

egemen.kz

Астана, NEGE. Шешім 5 сәуірде қабылданды.

Осы жылдың мамыр айынан бастап күшіне енетін жаңа келісімге сәйкес, альянсқа мүше сегіз ел тәулігіне қосымша 206 мың баррельге дейін мұнай өндіре алады. Бұған дейін енгізілген 1,65 млн баррельдік шектеулер нарықтағы жағдайға байланысты біртіндеп алынуы мүмкін.

Бұл Қазақстанға тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін мұнай өндіріп, рекордтық көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді.

ОПЕК ұйымында шектеулер «нарықтың жағдайына байланысты» ішінара немесе толық алынуы мүмкін екені атап өтілді.

Қазір оқып жатыр

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды