29 сентября 2024 г. 13:15

Қазақстан тағы бір африкалық елмен визасыз режимге қол жеткізді

Фото: provisa24.ru

Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады ulysmedia.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мұндай келісімге БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының шеңберінде өткен кездесулер барысында қол қойылғанын мәлімдеді.

“Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды” делінген сыртқы істер ведомствосының ақпаратында.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде Ең аз дамыған елдер, теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер және шағын аралдық дамушы мемлекеттер мәселелері бойынша БҰҰ-ның Жоғары өкілі Рабаб Фатимамен де кездесу өткізді.