Қазақстан таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медаль жеңіп алды

Чунчхонда (Оңтүстік Корея) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасы екінші медальді жеңіп алды.

kaztkd.kz

Алматы, NEGE. Нұрәлі Махмұт 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені жеңіп алды.

Махмұт финалдық кездесуде әлем чемпионатының жеңімпазы атанған ирандық Сина Мохтарамиден ұтылды.

Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Азат Бесаев (Ресей) пен Хаожань Тан (Қытай) көтерілді.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрай Қазнабек (59 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған еді.

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Таиландта дүниеге келген нәресте мен анасы санавиациямен Алматыға жеткізілді

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ