Қазақстан таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медальді жеңіп алды

Таеквондодан Фуджейра қаласында (БАӘ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны екінші алтын медальмен толықты.

ҰОК

Алматы, NEGE. 65 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Жантөре Сағынғали финалда украиналық спортшы Максим Шудженконы сенімді түрде жеңіп шықты.

Сондай-ақ жарыстың үшінші күні Қазақстан екі қола медаль жеңіп алды: жүлдегер атанғандар — Алла Цой (47 келіге дейін) мен Аида Ғожалымова (51 келіге дейін).

Еске сала кетейік, бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақта Хамзаальпер Ромашкин әлем чемпионы атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?