Қазақстан таэквондодан Қытайдағы турнирдің алғашқы күнінде екі медаль жеңіп алды

Қытайдың Тайань қаласында таэквондодан President’s Cup – Asia Region халықаралық турнирі басталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі жүлдеге ие болды.

Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) мен Әзиза Қаражанова (53 келіге дейін) үшінші нәтиже көрсетті.

Екі спортшы да жартылай финалға дейін жеткен. Финалға берілетін жолдаманы сарапқа салған кездесулерде Төлеуғали оңтүстіккореялық Пак Чунсанға есе жіберсе, Қаражанова ирандық Мобине Нематзадеден жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали мен Әзиза Қаражанова 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысуға жолдама жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?