Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Канаданың Калгари қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қыздар арасындағы 1000 метр қашықтықта Алина Әжғалиева қола жүлдегер атанды. Айта кетейік, ол 1500 метр финалдық жарысында төртінші орын иеленді.

Әйелдер эстафетасында Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Ерлер эстафетасында қазақстандықтар қола жүлдеге қол жеткізді.

Сонымен қатар аралас эстафетада да біздің шорт-трекшілер үшінші орын иеленді.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған