Қазақстан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Венгрияға есе жіберді

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші рет жеңіліс тапты.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ұлттық құрама бұл жолы Венгрия командасынан жеңілді. Ойын басталысымен-ақ, 15-секундта қарсылас команда есеп ашты. Ал, бірінші кезеңнің соңында басымдығын екі есеге арттырды.

Дегенмен, екінші кезеңнің 34-минутында қазақстандық Никита Михайлис есеп айырмасын қысқартты.

Үшінші кезеңнің басында венгриялықтар тағы бір жылдам гол соғып, араға үш минут салып, кең құрамдағы сәтті тиімді пайдаланды. Ойын соңына қарай бапкерлер алтыншы ойыншыны шығарғаннан кейін, Валерий Орехов есепті қысқартты.

Қазақстан – Венгрия 2:4 (0:2, 1:0, 1:2)

0:1 – 00:15 – Хари (Нильсен, Хорват)

0:2 – 18:31 – Тербокс (Хорват, Сонгот)

1:2 – 34:32 – Михайлис (Орехов) артық құрамдағы гол

1:3 – 40:14 – Галло (Хари, Эрдели)

1:4 – 43:35 – Винце (Папп, Хари) артық құрамдағы гол

2:4 – 59:01 – Орехов (Шестаков)

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясында үш кездесу өткізді. Алғашқы ойында Норвегияны жеңсе, кейін Германия құрамасынан жеңілген болатын.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған