Қазақстан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде қола жүлде жеңіп алды

Сингапурда садақ атудан Азия кубогының кезеңі жалғасуда.

ҰОК

Алматы, NEGE. Турнир аясында әйелдер командалары арасында блоктық садақ атудан қола медаль үшін бәсеке өтті.

Қазақстан құрамасы Бангладешпен кездесіп, бұл бәсекеде біздің спортшылар 230:224 есебімен жеңіске жетті. Команданың намысын Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қорғады.

Азия кубогының алтын жүлдесі үшін енді Үндістан мен Малайзия командалары бақ сынайды.

Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан құрамасы Үндістанға небәрі бір ұпай айырмасымен жол берген болатын — 229:230.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады