Қазақстан Ресеймен Ертісте су электр стансасын салу жобасын талқылап жатыр

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының билігі Ертіс өзенінде су электр стансасын (СЭС) салу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Әңгіме қуаты 300 МВт болатын Семей су электр станциясы туралы болып отыр.

pixabay.com

Алматы, NEGE. «Ертіс өзенінде – Шүлбі ГЭС-інің контррегуляторы деп аталатын су электр станциясын салу қажеттілігі Қазақстанда көптен бері айтылып келеді. Бұл бүкіл Ертіс каскадының қуатын арттыратын дербес станса. Алдын ала атауы Семей су электр стансасы. Бұрын Бұлақ су электр станциясы деген атпен белгілі болған. Бұл шекаралық өзен. Сондықтан ресейлік әріптестеріміздің тәжірибесін тарту толығымен қисынды болар еді», – деді министр.

Ол су электр стансасының құрылысына серіктестерді таңдау бойынша түпкілікті шешім «Самұрық-Қазына» холдингінің құзыретіне жататыны атап өтті.

«Олар ресейлік компаниялармен, басқа баламалы қызмет көрсетушілермен келіссөздер жүргізіп, мемлекет мүддесіне негізделген шешім қабылдауы керек», – деді Сатқалиев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады